Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Елордада Ән падишасы атанған «Халық Қаһарманы» Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына арналған кітап-альбомының тұсаукесер салтанатына қатыстым.

Елордада Ән падишасы атанған «Халық Қаһарманы» Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына арналған кітап-альбомының тұсаукесер салтанатына қатыстым.
Роза Бағланова апамызға!
Адал болып аманат пен парызға,
Таңдайынан тәтті әуенді тамызды!
Сұлу Сырдан бастау алған саф өнер
Алматыда кетті айналып аңызға.

Соғыста да ән шырқады жанымен,
Сұлу сырлы салтанатты, сәнімен.
Сарбаздардың өр рухын оятып,
Жаралыға жігер берді әнімен.

Бас иді оған бейтаныс та, таныс та,
Ал атағы кетті айдан да алысқа.
Қазақ үні – үні болып Розаның
Адамзатпен бірге ұшты ғарышқа.

Символына сұлулық пен ән-күйдің,
Патшалар да басын иген толқи мың.
Үнділерді тамсандырды үнімен,
Мәртебелі қонағы боп Гандидің.

Арда туған аяулы жан, аймаңдай,
Көк жүзінде кере құлаш жайғандай.
Кеңістікті кернеп үні кететін
Көмейіне бұлбұл ұя салғандай.

Әсем әнін елге арнаған ең мәнді,
Сар даласы сағынады сол жанды.
Сахнада сандуғаш боп сайраған,
Ерке қызын ұмытпайды ел мәңгі!
Бақытбек Смағұл
Мәжіліс депутаты,
AMANAT фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #РозаБағланова #РозаБагланова #deputatamanat #Amanat