Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Бүгін Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті.

Бүгін Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті. Бұл құрылтайды шын мәнінде «тарихи съез» десек, артық болмас.
Онда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясының Төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шықты. Бұл норма саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды. Осылайша, біз еліміздің болашақтағы көшбасшыларын негізгі саяси институттарды өзіне бағындырып алуға құмар болудан сақтаймыз.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынуымен, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Amanat партиясының Төрағасы болып сайланды.
Ерлан Жақанұлын осы мерейлі мәртебесімен құттықтаймын! Amanat-тың тарихы – тәуелсіз Қазақстанның тарихы. Партиямыз еліміздің мемлекеттілігін мығым етуге, жерін бүтіндеуге, шекарасын шегендеуге, ел еңсесін тіктеуге сүбелі үлес қосты. Мұндай абыройлы партияны басқару да абырой.
Біздің көз алдымызда Жаңа Қазақстанның тарихы жазылуда. Қадамыңыз құтты, ісіміз құнтты болсын!
Партияластарымыздың бірлігін бекемдеп, елдің ырыс-берекесін арттыру, елдік пен тәуелсіздікті нығайту жолында тың табыстарға жете беруімізге тілектеспін.
Съезде сондай-ақ еліміздің беделді партияларының бірі «Adal» Amanat партиясының құрамына қосылды.
Бақытбек Смағұл
Мәжіліс депутаты,
AMANAT фракциясының мүшесі

#QasymJomartToqayev #BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #АманатСъез #deputatamanat #Amanat