Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
12.09.2018 г. Озвучил депутатский запрос

 

ҚР Премьер-Министрі

 Б.Ә.Сағынтаевқа

2018 жылдың 12 қыркүйекте жарияланды

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

ҰОС және Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыльдегі апат зардаптарын жоюға қатысқан және Семей полигонынан зардап шеккен адамдарға лайықты медициналық көмек көрсету үшін жаңа госпиталь салу туралы Мәжіліс депутаттары тобының атынан және мен өз атымнан бірнеше рет депутаттық сауалдар жіберілген болатын (№20-45/3873 12.07.201З ж, №ДС-194 30.10.2013 ж, №ДС 08.10.2014 ж., №ДС-119 06.10.2016 ж., №21-11/3197 01.11.2016 ж.).

Осы орайда, Сізден «жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып», 2018-2020 жж. арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шығыстар қарастырылатынын туралы жауап та келген болатын. Алайда, мәселе әзірге шешілмегендіктен, депутаттық сауалмен қайтара жүгінуге тура келуде.

Бүгінде елімізде «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңымен және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен 800 мың адам қамтылған.

Қазақстанда «декреттелген контингенттің», яғни жеңілдіктер мен арнайы жағдайлар белгілеу арқылы өздеріне мемлекет пен қоғамның ерекше көңіл бөлуін қажет ететін азаматтардың үлесі жалпы халық санының 4,5%-ын құрайды. Бұл Ресей және Орталық Азия мемлекеттеріндегіден әлдеқайда көп. «Ауған соғысы ардагерлердің», «Семейліктердің»,     «Чернобыльдықтардың»,    «егде  жастағылар»     жас

2

тобына қосылуына байланысты олардың медициналық көмекке мұқтаждығы барған сайын артуда.

Бұл ретте республикалық клиникалық госпитальдың жаңа ғимаратын салу мәселесін депутаттар мен ауған ардагерлері 2013 жылдан бері ұдайы көтеріп келеді. Бұл ұсынысты ардагерлік ұйымдар жыл сайын депутаттардың өңірлердегі халықпен кездесулерінде де үнемі өтініш етіп, айтып отырады. Астана мен Алматы қалаларындағы қолданыстағы госпитальдарда орындардың шектеулі болуы кесірінен ардагерлер Ресейде және ТМД-ның басқа да елдерінде медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болуда.

Денсаулық сақтау жүйесі дамуының кеңестік кезеңінде мамандандырылған  госпитальдер басым көпшілігінде Ресейдің, Украинаның,  Белоруссияның  астаналары  мен  облыстық     орталықтарында ұйымдастырылды. Қазақ КСР-інде халықтың декреттелген тобына медициналық көмек 240 койка-орынға есептелген, соғыс мүгедектеріне арналған Алматылық госпитальда көрсетілетін. Алматылық аталған госпитальдің негізгі ғимараты 2010 жылғы жер сілкінісі және 2012 жылғы дауыл салдарынан қирап қалды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда соғыс ардагерлеріне арналған 2 республикалық госпиталь бар: Алматыда – 80 койка-орындық, Астанада – 70 койка-орындық.

Алайда бүгінде келесідей себептер бойынша аталған санаттағы азаматтардың мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігінің проблемалары тууда:

Біріншіден, мамандандырылған койка-орындардың саны 1991 жылғы 240-тан 2018 жылы 150-ге дейін азайды.

Екіншіден, сонымен бірге, қызмет көрсетілетін контингенттің ауқымы 10 есеге ұлғайды. Себебі, Семей ядролық сынақ полигоны қызметінен зардап шеккен тұлғалар да осы госпитальдерге қосымша тіркелді («семейліктер» туралы заң кейіннен, 1992 жылы қабылданды).

Үшіншіден, Астанадағы госпитальдің бейімделген ғимаратының шектен тыс тозығы жетті. Өйткені ол 1914-1917 жылдар аралығында тұрғызылған көпес Моисеевтің үйі болып табылады.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, жоғарыда айтылғанды ескере отырып, Сізден 2018-2020 жылдарға арналған бюджетте келесі шараларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын:

- Алматыда госпитальдің қираған ғимараты орнында емдеу корпусы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы;    

- Астанадағы көпбейінді госпитальдің типтік ғимараты құрылысының қаржылық-экономикалық, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу.

Аталған іс-шараларды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық жоспарына қосуыңызды өтінемін.        

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының артуы және халықтың қартаяына  байланысты  перспективада   аталған  госпитальдер   базасында

3

гериатриялық орталықтар құру, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштер және құқық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкерлерінің отбасы мүшелерін де осы госпиталдерге тіркеу орынды деп санаймын.

Құрметпен,

«Нұр Отан» Фракциясының мүшелері,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары                                  Б.Смағұл

                                                                                                А.Қожахметов