Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
03.10.2018 г. Огласил депутатский запрос

 

ҚР Премьер-Министрі

Б.Ә.Сағынтаевқа

2018 жылдың 3 қазанда жарияланды

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

      Құрметті Бақытжан Әбдірұлы !

Бұл сауалға «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қауымдастығы атынан, Нұр Отан партиясының мүшесі, Кеңес Одағының батыры Н.Кремеништің ұсыныс хаты негіз болып отыр.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», – деп атап көрсетті.

Бұл ретте батыр бабаларымыздың биік рухы халық, әсіресе, жас ұрпақ арасында патриоттық өрлеу туғызып, ұлт тарихына, Отанға деген мақтаныш сезімін ұялатуда. Сондай ұлты ұлық тұтатын, болмысы батырлықпен біте қабысқан тұлғаларымыздың бірі Қасым Қайсенов болып табылады.

Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты партизан, білікті барлаушы, көрнекті жазушы Қасым Қайсаұлы Қайсенов 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында дүниеге келді.

1940 жылдың қысында әскер қатарына шақырылып, кейін Мәскеу маңындағы әскери барлау мектебіне жіберіледі. Барлау ісінің қас шебері ретінде дұшпандар басып алған аумақтарда партизан қозғалысын ұйымдастырып, жауға торуылдар жасап, тұтқиылдан ұрыс салады.

Қасым Қайсенов Кеңес Одағының Батыры атағына лайық еді және соған ұсынылған. 1943 жылы қыркүйекте Днепрдің оң жағалауы үшін қан-қасап шайқаста ол ерен ерлік жасады, арқыраған арынды өзеннен өз партизан отрядымен бірінші болып өтіп, жау тылындағы Григорьевка, Луковицы,  Зарубинцы  хуторларын тартып алып, Қызыл Армияның негізгі

2

күштері келгенше өліспей-беріспей ұстап тұрды. Алайда сол қырғында ауыр жарақат алып, артынша Днепрден бірінші боп өткендегі, Букрин плацдармын  дайындаудағы  ерлігі ұмыт қалды да, ең  жоғарғы  атақ-даңқы

өзгелер қанжығасында  кеткен.  Оның құжаты араға уақыт салып, партизан штабының архивінен табылған.

         Қ.Қайсеновтың қарамағындағы 13 жауынгер, Кеңес Одағының батыры, 13-де генерал.

1941 жылғы қараша – 1944 жылғы маусым аралығында Қасым Қайсенов жау тылына төрт рет десантпен түсірілген. Украина, Беларусия Румыния, Карпат тауында шайқас жүргізіп, жерді фашистерден азат етуге сүбелі үлес қосты. 1995 жылғы 9 мамырда Елбасы Н.Назарбаев өз Жарлығымен Қасым Қайсеновке – «Халық қаһарманы» атағын табыстады. Елбасымыз өз құттықтауын жолдап, еліміз 100 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған Қасым Қайсеновтей қаһармандарымызға қанша сый-сияпат көрсетсек те, көптік етпейді.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, Зайсандағы шекара заставасына «Қасым Қайсенов атындағы шекара заставасы» деп атау мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.

Шығыс Қазақстандағы шекаралық заставаға тек осы өңірдің ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы саналатын батыр Қасым Қайсеновтың атының берілуі алда келе жатқан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына үлкен тарту болар еді.

Және елдің шетінде, желдің өтінде жүріп, бал-бөбектеріміздің тыныш ұйықысымен, күміс күлкісін күзетіп, Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығымен, тыныштығын сақтап, қырағылық танытқан сарбаздардың рухына рух қосып, жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатары сөзсіз.

Құрметпен,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары                                           Б.Смағұл

                                      Б.Мамраев                                           Б.Ізмұхамбетов                      

                                      С.К.Омаров                                                   Н.Әбдіров

                                                                                     

                                      Г.Қарақұсова                                        Н.Сабильянов

                                      М.Ерман                                                Г.Щегельский

                                      А.Қоңыров                                                А.Перуашев

   В.И.Олейник