Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
08.04.2019 ГОДА ОГЛАСИЛ ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Қазақстан Республикасының

Білім  және  ғылым министрі

К.Н. Шәмшидиноваға

Құрметті Күләш Ноғатайқызы!

Қолданыстағы оқулықтардың басым көпшілігі орыс тілінде жазылып, кейін қазақ тіліне аударылатындықтан, қазақ мектебінің оқушыларына ұғымы қиындау болып келеді. Әуелгіде орыс мектебінде оқитын шәкірттерге арналып, онда келтірілген мысалдарға дейін соған бейімделе жазылған оқулықтар қазақ тіліне аудару барысында оқушыны былай қойып, ұстаздар үшін де көп қиындық туғызады.

Өкінішке орай,  Республикамыздың ең таңдаулы  педагог-ғалымдары, ұстаздар мен әдіскерлерінен құралған білікті комиссия таңдаған кейбір оқулықтар өтпей қалып жатқандығына алаңдауымыз. Дәлел ретінде бірнеше мысал келтіре кетейін,

Физика 7 сынып оқулығы.

«Мектеп» баспасынан басылған 7 сыныптың физика пәні оқулығының (авторлары У.К. Тоқбергенов, Б.А. Кронгарт) орыс және қазақ тілдеріндегі оқұлықтарында көптеген мәтіндік сәйкеспеушіліктер кездеседі.  

бәтеңкесі табанының ауданы» - деп берілу керек мәтін «бала бәтеңкесінің ауданы» - деп берілген, 126 беттегі Атмосфералық қысым тақырыбында 4,37 суреттегі көрсетілген тәжірибенің түсініктемесінде «Колба жағы аздап жеңілдейді» деп жазылу керек сөйлемнің орнына «колба жағы аздап ауырлайды» - деп жазылған.   

Алматы кітап баспасы математика 4-қазақ сыныбына арналған оқулық.

- Оқулық 7-беттен басталады. 31-беттегі 4 а есептің кестесінде ұлттық валютаның ағылшын  тіліндегі  (KZT)  қысқартылған нұсқасы берілген, оның орнына мемлекеттік тілдегі (тг) беп берілуі керек. Ал, 56-бетте 14-сабақ  евро (€), доллар ($), «Валюталармен орындалатын операциялар» тақырыбында Қазақстанның төл валютасын бермей тұрып, шетелдік валюталарды беру өрескел қате. Ұлттық теңгеге деген құрметсіздік деп есептейміз, 110 бетің 10 тапсырмасында мәліметтер бойынша есеп құрастыр деп мысалға (шаңғышы мен велосипедшінің ұшу жылдамдығын анықта делінген), - 125-бетте суреттің астында «Асфендияров Санжар Жапарұы» деп қате жазылған, дұрысы: «Аспандияров Жапарұлы», - 135-бет  5-тапсырмада «Дори, Нори, Ори, Бильбо, Бэггинске» деген  қазақша оқулыққа жат есімдермен мысалдар келтірілген. Жаттығуға мысал бола алатын қазақтың аты жоқ па?!

- 7-тапсырмада «вид транспорта» деген артық сөз жүр.

Әдебиеттік оқу кітабы 4-сынып.

 - кейбір тапсырмаларда «Youtube» деп көрсетіліп, оқушыларға мультфильм көруге тапсырма берілген (20-бет). Оқушылар осы сайттан басқа қажетсіз, пайдасыз, зиянды ақпараттар алуы мүмкін емес пе?!

-19-сабақ «Бұл қай халықтың  әліпбиі деп ойлайсыңдар?» деген сұраққа қытайша, ағылшынша, орысша, т.б. тілде әліпбиге түк қатысы жоқ кітаптардың суреті берілген. Орысшасында орыс халық ертегілері деп тұр.

-45-сабақ 36-бетте берілген үй тапсырмасында аспаз туралы «Рататуй» мультфильмін көріп, мазмұндау ұсынылған. Үй тапсырмасын орындау барлық оқушы үшін міндетті болғандықтан, мұндай тапсырма оқушы мүмкіндігі мен уақытын дұрыс қолдану жағынан қиындықтар тудыратыны сөзсіз, оның  орнына төл тілімізде берілетін туынды жоқ па?! «Рататуй» сынды мультфильмдерді оқулықта жарнамалаудың еш қажеті жоқ. Балалар өздері-ақ тауып алады, керек болса.

-111-бет 6-тапсырмада «Хайуанатқа қиянат кімдердің қолымен жасалады?» сұрағының тұжырымдалуы дұрыс емес. Бір жерден алынған тікелей аударма деп ойлаймын.  Осындай өрескел қателермен жаңартылған бағдарламаның оқулықтары бекітіліп кетсе, жоқтан гөрі бар болып жүрген оқулықтарымыздың күйі не болмақ?! Біз келтірген  мысалдар екі оқулықтан ғана. Онда грамматикалық та, техникалық та, басқа да қателер көп.

Сол себепті, құрметті Күләш Ноғатайқызы Сізге, тек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі ретінде емес, ұлт жанашыры тәжірибелі педагог, ғалым ретінде комиссия жұмысының сапасын көтеру мақсатында осы мәселені жеке бақылауыңызға алуды сұраймын.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«Нұр Отан» фракциясының мүшелері                                      

Б. Смағұл

Б.Қ. Тілеухан

Ф.Ә. Қаратаев

Б.Қ. Хаменова

Ә.Е. Бектұрғанов

Б.М. Мәкен

Орын, Ж. Есназаров

Тел: 74-67-40