Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2021 жылдың 3 наурызда депутаттық сауал жарияланды

2021 жылдың 3 наурызда жарияланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Біздің атымызға шаруа қожалықтарынан ішкі нарықты отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен қамтамасыз етуге бағыталған «Қарапайым заттар экономикасы» аясында агроөнеркәсіптік кешеніндегі өндіріс пен қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру мәселесін қозғаған өтініштер түсуде.

Аталған жобаны қаржыландыруға 1 трлн. теңге қарастырылған. Бұл қаражат - агроөнеркәсіптік кешеніндегі өңдеу мен өндіру және өңдеу өнеркәсібі бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға бағытталып отыр.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыруға алғашында тек екінші деңгейлі банктер жіберілген еді. Бірақ, аталған банктер ауылдағы жобаларды қаржыландыруға деген ынтасының төмендігімен қатар, ондағы үй-жайларды кепіл мүлік ретінде қабылдамайтындығы өздеріңізге белгілі. Осы жағдайды еске отырып, Аграрлық несие корпорациясы бағдарламаны іске асыруға енгізіліп, агроөнеркәсіптік кешеніндегі жобаларды қаржыландыруға 100 млрд. теңге бөлінді. Өткен жазда Ұлттық банктің ұсынысы бойынша аталған бағдарламаға енгізілген түзетулердің 6-пакеті аясында Аграрлық несие корпорациясының лимиті тағы да 70 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Алайда, Аграрлық несие корпорациясынан қаражат алу үшін үкіметтің кепілдігі қажет.

2020 жылдың қазан айында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Р.В.Склярдың төрағалығымен өткен Кәсіпкерлік жөніндегі жобалық 03.03.2021 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) кеңестің отырысында «ҚазАгро»: - «жарияланған мемлекеттік кепілдік алу процедурасы алты айдан бір жылға дейін созылатынын» хабарлады. Содан бері 6 ай өткенімен, мемлекеттік кепілдікті алу рәсімдері бастапқы кезеңде тұр.

Бағдарламаның үстіміздегі жылы аяқталатынын ескерсек, бөлінген 70 млрд. теңге қаражат игерілмей қалуы мүмкін. Ал шаруа қожалықтарының бұл қаражатты күтетін уақыттары жоқ және жоғары пайызбен несие алу оларға тиімсіз.

Шаруашылықтарға Аграрлық несие корпорациясының несие және кепілдік саясаты қолайлы. Мысал ретінде айтсақ, Қызылорда облысында мақұлданған 111 жобаның 82-і немесе 74% Аграрлық несие корпорациясының еншісінде. Дәл осындай жағдай елдің басқада аймақтарында қалыптасты.

Соңғы кездері өндірісті әртараптандыру шеңберінде кәсіпкерлер ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлуде. Пандемияға қарамастан бір жылдың ішінде Қызылорда облысында жұмыс жасап тұрған шаруа қожалықтарының саны 30 пайызға артып отыр. Ал олар жеңілдетілген несиеге мұқтаж.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік берудің маңыздылығын ескере отырып, Сізден осы мәселені бақылауға алуыңызды және Аграрлық несие корпорациясының мемлекеттік кепілдік алу рәсімін жеделдетуді сұраймыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері

Ғ. Әміреев

Ә. Рахымжанов

Б. Смағұл

Г. Шиповских