Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық қару сынақтарының зардаптарына тікелей ұшыраған азаматтарға қатысты депутаттық сауалға жауап

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары

2022 жылғы 13 сәуірдегі № ДС-133

Құрметті депутаттар!

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық қару сынақтарының зардаптарына тікелей ұшыраған азаматтарға қатысты депутаттық сауалды қарап, келесіні хабарлаймыз.Қазақстан Республикасы «Ардагерлер туралы» Заңының 6-бабы 1) тармақшасына сәйкес 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегібасқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына (бұдан әрі - ҰОС) қатысушыларға теңестірілген адамдар ретінде танылады.Бүгінгі күнге осы негізбен 14,4 мыңнан астам азаматтар тиісті жеңілдіктер алуда. Бұл ретте, жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген ардагер ретінде жәрдемақы алу үшін жергілікті әскери басқару органдарынан (Қорғаныс департаменттері) ядролық сынақтарға тікелей қатысқанын дәлелдейтін анықтама талап етіледі.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғанысмині) азаматтардың аса қауіпті бөлімшелердің іс-қимылдарына тікелей қатысуын дәлелдей алмайды, себебі құжаттар Ресей Федерациясының құзырлы органдарында сақталуда.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 733 бұйрығымен бекітілген Әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ережеге сәйкес Қорғаныс департаменттері әскери қызметтен шығарылған азаматтарға және өзге де адамдарға олардың немесе олардың отбасы мүшелерінің ҰОС-на, өзге де жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқанын растайтын мұрағаттық құжаттарды, сондай-ақ жараланудың, контузия алудың, мертігудің немесе науқастанудың әскери қызмет өткерумен себепті байланысын анықтау туралы мәселелерді 2шешу үшін қажетті құжаттарды іздестіруде көмек көрсетеді және тиісті анықтамалар береді.Осылайша, ядролық сынақтарға тікелей қатысқанын немесе қатыспағанын анықтау мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Қорғаныс департаменттері Қазақстан Республикасы азаматтарына Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына (1412100, Мәскеу облысы, Подольск қ., Киров көш., 74 үй) немесе 51105 әскери бөліміне толтырылған сауалнамаларды жолдап, мәліметтерді алуға көмек көрсетеді.Ресей Федерациясынан алынған анықтама негізінде Қорғаныс департаменттері ядролық сынақтарға тікелей қатысу немесе қатыспау фактісін анықтап, азаматтарға тиісті анықтамалар ұсынады.Бұл ретте, азаматтарының ядролық сынақтарға тікелей қатысу жөнінде мәліметтер сұрату мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) мен Қорғанысмині өз тарапынан Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне (РФ Қорғанысмині) сұраныстар жолдап, отырады.Алайда, Ресей тарапынан жұмыс көлемінің ауқымдылығына байланысты барлық әскери қызметшілер бойынша мәліметті бір мезетте беру мүмкін емес екені және әрбір әскери қызметші бойынша жеке мәліметтер көрсетілген сауалнаманы толтыра отырып, дербес сұрау жасалғанда кезектілік ретімен ұсынылатыны туралы жауап алынды.Сонымен қатар, Ресей Федерациясының тарапынан азаматтарға ядролық сынақтарға тікелей қатысу жөнінде мәліметтерді растайтын анықтамалар алу үшін жүгінуге болатын органдардың мекен жайларын ұсынылды.Анықтама үшін:Ресей Федерациясы Қорғанысминінің ақпаратына сәйкес (2016 жылғы 8 сәуірдегі хатынан):31600 әскери бөліміне бағынышты және Семей полигоны аумағында орналасқан әскери бөлімдерде қызмет өткерген адамдардың ядролық қару сынақтарына тікелей қатысқандығы туралы мәліметті алу үшін 31600 әскери бөліміне (119160, Москва қаласы) жүгіну қажет, аталған орган 51105 әскери бөлімінде (141300, Мәскеу облысы, Сергиев Посад-7 қаласы) сақталып жатқан Семей полигонында радиациялық қауіпсіздік қызметі журналдарының негізінде растайтын анықтама береді;Семей полигоны аумағында әскери-құрылыс бөлімдерінде қызмет өткерген адамдардың ядролық қару сынақтарына тікелей қатысқандығын растау мәселелері РФ Қорғанысминінің Бас кадр басқармасымен қарастырылады; азаматтардың Семей полигоны аумағында әскери қызмет өткергені және сынақ алаңдарына іс-сапарға жіберілгені туралы мәліметті алу үшін Ресей ФедерациясыҚорғанысминінің Орталық мұрағатына жүгіну қажет (142100, Мәскеу облысы, Подольск қаласы, Киров көшесі, 74 үй).Бұған қоса, Еңбекмині жанынан құрылған жұмыс тобының қызметі барысында 2021 жылы еліміздің Мәскеудегі Елшілігі арқылы Ресей Федерациясының Қорғанысминіне Қазақстан азаматтары бойынша тиісті мәліметтерді көшіріп алуға рұқсат беру жөнінде сауал жолданып, оған 31600 әскери бөлімінің жеке құрамының құжаттары Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес қорғалуға жататын азаматтардың дербес деректері екені туралы жауап алынды (2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 350/1483 хатынан). 3Аталған жауапта мұрағат қорларында сақталған құжаттарда азаматтардың ұлты, әскери қызметке шақырылған жері, сондай-ақ басқа да әлеуметтік белгілері бойынша жеке карточкалардың болмауын ескере отырып, дербес деректерді құрайтын құжаттардың жалпы қорына үшінші тұлғаларға рұқсат беру мүмкін емес деп хабарланды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ресей Федерациясы Қорғанысминінің Орталық мұрағаты заңнамамен белгіленген жеңілдіктерді алуға қажетті азаматтардың және ұйымдардың (оның ішінде Қазақстан Республикасынан)сұраныстарын тұрақты негізде тегін орындап жатқанын мәлімдеді.Ресей Федерациясы заңнамасы бойынша да әлеуметтік қолдау ерекше қауіпті бөлімшелері құрамындағы ядролық қару сынақтарына тікелей қатысқан әскери қызметшілерге көрсетілетінін атап өткен жөн.Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қазіргі таңда Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтарға тікелей қатысқанын дәлелдеген ерекше қауіпті бөлімшелерге қатысушы азаматтарға ардагер мәртебесі беріліп, тиісті жеңілдіктер ұсынылып жатқанын және Қорғанысмині тарапынан азаматтарға тікелей қатысуын дәлелдеуге көмек көрсетілетіндігін хабарлаймыз.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Е. Тоғжанов