Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Сырдария өзеніндегі су көлемін сақтау бойынша тиісті шараларды қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

С.А. Брекешевке

Құрметті Серікқали Аманғалиұлы!

Қызылорда облысының халқымен кездесу барысында Сырдария өзеніндегі су көлемінің жағдайымен таныстым. Бұған қосы бұл проблеманы халық үнемі көтеріп келеді және де Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы да бар.

Бүгінгі күні Көкарал бөгеті бұзылу қаупінде. Егер оған жол беретін болсақ экологиялық апат орын алуы мүмкін. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың алаңдатушылығын тудыруда.

«NUR OTAN» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Экология жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің ұсынысын және өңір тұрғыны Көлбай Данабайдың сауалдарын қарау үшін жолдаймын.

Осыған байланысты, Сізден Сырдария өзеніндегі су көлемін сақтау бойынша тиісті шараларды қабылдауыңызды және жоғарыдағы сауалдарға  жауап беруіңізді сұраймын.

Қосымша: 3 бетте.

Құрметпен,

Мәжіліс депутаты                                                                   Б. Смағұл



ЖАУАП:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі

Б. Смағұлға

Сіздің 2021 жылғы 28 қазандағы №6-11-1013 хатыңызға

Құрметті Бақытбек Смағұлұлы!

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары А. Жарылқасыновтың, сондай-ақ Қызылорда облысының тұрғыны Қ. Данабайдың Сырдария өзені суының көлемін сақтау туралы өтінішіне қатысты жоғарыда көрсетілген хатты қарап, келесіні хабарлайды.

Көкарал бөгетін сақтауға және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіруге қатысты.

2020 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобаның ЖСҚ) әзірлеу басталды. Жобаның ЖСҚ әзірлеудің бас жобалаушысы «Водоканал-консалтинг, инжиниринг» ЖШС болып табылады. Жобаның ЖСҚ әзірлеудің жалпы құны 83 328 мың теңгені құрайды. 2020 жылы 74 996,0 мың теңге қаражат игерілді. Жобаның ЖСҚ-сың әзірлеуді аяқтау және мемлекеттік сараптама жүргізу үшін республикалық бюджет комиссиясының 2021 жылғы 5 қазандағы № 22 шешімімен 10 747,0 мың теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта әзірленген жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптама жүргізу үшін «Мемсараптама» РМК-ға енгізілді.

Сонымен бірге сараптамалық ұйым жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімі мен ұзақтығы І және ІІ жауапкершілік деңгейіндегі технологиялық және техникалық күрделі объектілер болып табылатын объектілердің құрылыс жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Жазылғанды ескергенде, мемлекеттік сараптама алудың күтілетін мерзімі 2022 жылғы ақпан айы.

Жобаның ЖСҚ-сың әзірлеу аяқталғаннан және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Министрлік жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді Қаржы министрлігіне жіберетін болады.

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (бұдан әрі – САРАТС) жобасының екінші кезеңіне қатысты.

Арал теңізі бассейніндегі экологиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды одан әрі жақсарту мақсатында Министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру жобасын» (бұдан әрі – Жоба) дайындады.

Жоба САРАТС жобасының бірінші кезеңінің жалғасы болып табылады және бұрын қол жеткізілген оң нәтижелер негізінде Арал теңізі бассейнін кешенді өңірлік және экономикалық дамытуға бағытталған.

Министрлік Жобаны іске асыру мақсатында Дүниежүзілік банкпен Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллары сомасында байланысты емес грантты тарту туралы келісімге қол қойды.

Ағымдағы жылдың шілде айында Жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісімшартқа қол қойылды. Жобаның ТЭН-ін әзірлеуді аяқтау және оған мүдделі мемлекеттік органдардың қорытындыларын алу 2022 жылғы мамырда жоспарланып отыр. Гранттың жабылу мерзімі 2022 жылғы шілде. Жобаның ТЭН-ін әзірлеу нәтижелері бойынша Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру бойынша түпкілікті шешімдер қабылданатын болады.

Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары А. Жарылқасыновқа берілген жауаптың көшірмесін жолдаймыз.

Қосымша: 2 парақта.

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрінің

міндетін атқарушы                                                              Ә. Шалабекова