Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Арал ауданында спорт кешенін салу туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Д.Ә. Абаевқа

Құрметті Дәурен Әскербекұлы!

Ағымдағы жылғы мамыр айында өңірлерді аралып, халықпен кездесу бырысында Қызылорда облысы Арал ауданында болғанымда, осы аудандағы «Қамбаш»  балаларды  сауықтыру және  қосымша  білім  беру  орталығының жұмысымен таныстым.

2014 жылы  Арал  ауданының  Қамыстыбас  ауылдық  округінде «Қамбаш»  балаларды  сауықтыру және  қосымша  білім  беру  орталығы»  ғимаратының  құрылысы  аяқталып, 2015 жылдан  бастап  пайдалануға  берілген.

Орталық  қызметінің  мақсаты:  Жыл бойына  жұмыс жасайтын тынығуды, оқуды, сауықтыруды, мәдени-көпшілік және спорттық шараларды ұйымдастыру.

Негізгі қызмет бағыттары:

Орталық білім беру функцияларынан басқа спорттық-дамыту функцияларын да жүзеге асыра алады. Қазіргі таңда  Арал, Қазалы  аудандарының  балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттығушылары орталық базасында  спорттық-жаттығу  жиындарын  өткізуде. Балалар  жатын  орынмен, бес мезгіл  тамағымен  толыққанды қамтамасыз етілген. Алайда,  орталықта  спорт залының  болмауына байланысты, спорттық  жаттығу  жұмыстарын  Қамыстыбас ауылдық  округінде  орналасқан №21 мектептің  спорт залында  өткізуге  мәжбүрлі.  Сондықтан,  осындай  спорттық  бағыттағы  қызметтерді  көрсетіп,  орталыққа толыққанды жұмыс істеу үшін спорт кешені қажет. Спорт кешені болған жағдайда орталық түрлі қызмет түрлерін көрсете алар еді. Олар:

Спорт саласындағы білім беру қызметтері;

Туристік экскурсиялық қызметтер;

Топтық, жеке сабақтар өткізу;

Спорт  бағытындағы  сауықтыру қызметтері;

Жас ұрпақты тәрбиелеу және әлеуметтендіру бойынша қызметтер;

Спорттық жарыстар;

Спорттық мүкәммалды жалға беру бойынша қызметтер;

Спорттық жиындар өткізу.

Осылайша,  орталық дене шынықтыру және спорт саласында, халықтың барлық топтары үшін физикалық, рухани және адамгершілік қасиеттерді дамытудағы қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша қызметтерді,  сондай-ақ, балалардың бос уақытын  ұйымдастыру  мен сауықтыру  шараларын өткізу  және оңалту жұмыстарының кең спектрін ұсына алады. 

Сонда  орталық  қызметіне қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ  түрлі  спорттық-сауықтыру бағытындағы қызметтер ұсыну  арқылы  табыс  табуға   жұмысын  бағыттай алады.

Осы  кезеңде  сауықтыру және  қосымша білім беру орталықтарында   оқу процесін  тұрақты  ұйымдастыру  үшін дене шынықтыру-спорт инфрақұрылымын тез және арзан құруға, сондай-ақ балалардың сауықтыру лагерлерінде балалардың әртүрлі спорт түрлерімен жаппай айналысуына жағдай жасауға мүмкіндік беретін жобаларды іске қосу әсіресе өзекті болып отыр.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сізден аталған орталықта арзан  әрі жылдам тұрғызылатын мобильді спорт кешенін салу мәселесін қарастыруыңызды сұраймын.

Құрметпен,

Депутат                                                                                         Б. Смағұл