Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің депутаттық сауалға жауабы

Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің депутаттарына

2022 жылғы 10 наурыздағы№ ДС-92

Құрметті депутаттар!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі -Министрлік) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесімен (бұдан әрі – әдістеме) айқындалатын жан басына шаққандағы норматив мөлшерінің нақты шығындарға сәйкес келмеуі мәселесі бойынша мынаны хабарлайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес әзірленді, онда оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына, деңгейіне және сапасына, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар өлшемі берілген.

Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша нақты шығыстарды талдау деректері пайдаланылды, еңбекақы төлеу жөніндегі коэффициенттерді есептеу кезінде статистикалық деректер, Ұлттық жалпы білім беру дерекқорының деректері пайдаланылды, қолданыстағы штат бірліктері, мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына және азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі ескерілді. Республика аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының жұмыс істеуінде бастапқы деректердің алуан түрлілігіне байланысты Әдістемеде білім беру қызметін нормалауға бірыңғай және орташа өлшенген тәсіл қабылданған, бұл Қызылорда облысында экология үшін орта деңгейде -30% қосымша ақыны көрсетеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі әрбір баланың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының міндетті минимумын алуы үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейді және республиканың бүкіл аумағында балаларды мектепте оқытуға даярлаудың бастапқы деңгейін қамтамасыз етеді.Қызылорда облысы бойынша орташа норматив мөлшері мынадай құрамда: қалада – 51 005 теңге, ауылдық жерде – 53 425 теңге көлемінде білім беру процесі мен білім беру ортасына арналған шығындар енгізілді:

- заңнамада көзделген жалақыны кезең-кезеңмен көтеруді, экологиялық зілзала және радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны үшін, ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балалармен бірге педагогтердің демалыс ұзақтығы бойынша 56 күнтізбелік күнге дейін еңбекақы төлеу қоры және еңбек демалысындағы қызметкерлерді алмастыру.

- оқу шығындары (оқу материалдары, көрнекі құралдар жәнеойыншықтар);

- коммуналдық шығындар;

- байланыс және интернет қызметтеріне ақы төлеу шығындары;

- ғимараттарды, құрылыстарды, компьютерлік және оргтехниканы, интерактивтік жүйелерді ағымдағы жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындар;

- білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жуу құралдары, шаруашылық тауарлары мен кеңсе тауарлары, құрылыс тауарлары, кеңсе, дезинфекциялау құралдары, жұмсақ жиһаздар мен ыдыс) сатып алу.

Сонымен қатар, аталған әдістеме барлық жергілікті атқарушы, мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен келісілгенін атап өткен жөн.Қызылорда облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының толық қаржыландырылмау фактілері толық жасақталмаған білім беру ұйымдарына тән. Мұндай жағдайларда осындай ұйымдарды ұстауға жоғары шығындар болғанда, тиісті негіздемелерді бере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларының 8-тармағы жергілікті атқарушы органдарға Әдістемеде бекітілген мөлшерден асатын жан басына шаққандағы нормативтің мөлшерін белгілеу құқығы берілді.

Сонымен қатар, Министрлік мұндай жағдайларда толық жасақталмаған мектепке дейінгі ұйымдарды, атап айтқанда, қосымша білім беру, орта білім беру ұйымдарын қайта бағдарлау мәселесін қарауды орынды деп санайды, бұл тиімсіз ұйымдарды ұстау жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Министрлік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды талдау және мониторингілеу бойынша жұмыс жүргізуде, оның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін жетілдіру жөнінде мәселе қарастыруда, атап айтқанда:

- техперсоналдың жалақысын арттыруды нормативке енгізу 23-ке %;

- нормативке медперсоналдың жалақысын көтеруді енгізу;

-күрделі шығындарды және мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздейтін амортизациялық компоненттің нормативіне енгізу;

- педагогтер біліктілігінің орташа деңгейінің коэффициентін қайта қарау мүмкіндігі;

- "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-ХІІ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қосымша ақы коэффициентін қайта қарау мүмкіндігі.

Санаторийлік және түзету мектепке дейінгі ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға арналған шығындар нормативіне енгізу жөніндегі мәселеге қатысты осы құзыреттің жергілікті атқарушы органдарға жататынын атап өту қажет.

Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру барлық мүдделі тараптардың келісімі болған жағдайда нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап ететінін атап өткен жөн. Осыған байланысты, жаңа бастамаларды жүзеге асыру кезінде ел бюджетінің мүмкіндіктеріне бағдарлану қажет.

Осылайша, Министрлік қол жеткізілген жетістіктерге тоқтамайды, диалог пен ынтымақтастыққа әрдайым ашық, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беруді қолдаудың қосымша ынталандыру шаралары жөніндегі мәселелерді қарауға дайын.

Министрдің міндетін атқарушы Қ. Ерғалиев