Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
06.07.21ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің төрайымы Ж.Д. Сүлейменованың аймақтарда халықпен кездесу аясында жұмыс сапары басталды.

2021 жылғы 6 шілде.


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесінің төрайымы Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменованың аймақтарда халықпен кездесу аясында жұмыс сапары басталды.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, Phd доктор Гүлмира Әмірханқызы Қанаймен кездесті.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы туралы Жол картасындағы                       32 пунктегі (2025 жылға қарай 800 жаңа мектеп салу есебінен апатты және үш ауысымды мектептер проблемасын шешу) 800 мектеп салу аясында аталған мектепдерге  басқарушы педагогтар, атап айтқанда мектеп директорлары мен директордың орынбасарларын даярлаудың жаңа бағдарламалары талқыланды. Сонымен қатар 34 пункті (Мектептерді білікті педагогтермен 100% қамтамасыз ету (2020 жыл – 90%)  100 пайыз мамандырылған педегог кадрлармен қамтамасыз ету аясында жаратылыстану- математикалық және гуманитарлық-қоғамдық пәндердің мамандарын даярлауға қатысты оқу бағдарламалардың арасындағы өзгерістер талқыланды.

Сонымен қатар, осы күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының  ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында :

  • Орта білім беретін мекетптердегі Қазақ тілі және әдебиетінің пәндік мазмұны;
  • Қазақ тілінің ұлттық корпусын одан әрі жетілдіру;
  • Гуманитарлық саладағы ғылым және зерттеу туралы пікір алмасты.
  • Сондай-ақ, сол күні «Ұстаз» жалпыұлттық платформасының жетекшісі профессор Гүлмира Аманжолқызы Қорғанбаевамен кездесу барысында жалпы білім саласына қатысты мамандарды даярлау, сонымен қатар  методологтарды даярлау мәселесі талқыланды, бұдан бөлек Алматы қаласының креативті экономика саласын дамытуға қатысты ұсыныстар әзірленді.