Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 13 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алатау ауданы.

2022 жылғы 13 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алатау ауданы.

Алматы қаласы Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері алдағы референдум жайлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова – толығырақ түсіндіріп кетті. Конституциялық реформалар – мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды процесс – деп атап өтті.

Оларға еліміздің Ата заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы Мәжілістегі «AMANAT» республикалық штабының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары мен партияның Алматы қалалық штабының басшысы Мейіржан Отыншиев кеңінен мәлімет берді.

«Кездесуіміздің негізгі мақсатының бірі – конституциялық реформалар мемлекетіміздің болашағы үшін және әрбір азамат үшін маңызды процесс екенін түсіндіру. Алматылықтар тарапынан әлеуметтік проблемалар, инклюзивті білім беру мәселесіне қатысты көптеген сұрақтар болды. Аталған мәселелер менің жеке бақылауымда болады», - деді партияның Мәжілістегі депутаттық фракциясының мүшесі Ж.Сүлейменова.

Сондай-ақ, азаматтар аманаттықтарға мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ педагогтарға арнайы медициналық қызметтер көрсету және сақтандыру мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін ХҚКО қызметкерлері кездесу барысында алған ақпараттар мемлекеттік қызметтерді алу барысында келушілердің референдум бойынша қоятын сұрақтарына дұрыс жауап беруге көмектесетінін жеткізді.