Тау
Нургул

Секретарь Комитета по социально - культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Депутатский запрос касательно оказания паллиативной помощи в Казахстане

Мемлекет үшін ең басты құндылық – адам өмірі мен денсаулығы. Алайда, емделмейтін ауруларға шалдыққан науқастардың құқықтары назардан тыс қалып отыр. Осыған орай депутаттық сауалым Қазақстандағы паллиативтік көмек көрсету жағдайына қатысты болады.

Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының мәліметі бойынша елімізде паллиативтік көмекке мұқтаж адамдардың саны 107430, бұл статистика күн сайын артып келеді. Аурулар тобында қатерлік ісіктер 41 %, ми қан айналымының бұзылуы 14%, тыныс алу жүйесінің аурулары 12%, психикалық ауытқушылық 9%, қалған 24% -ы басқа ауыруларды құрайды.

Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандартқа сәйкес Паллиативтік медициналық көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде, дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Өкінішке орай, стандартта белгіленген орындарда науқастарға тиісті көмек өз дәрежесінде көрсетілмей келеді. Бұған біз Алматы қаласындағы паллиативтік көмек көрсету орталығының жұмысымен танысқан кезде куә болдық. Тозығы жеткен, көмек көрсетуге бейімделмеген ғимараттар, қажетті жабдықтардың жеткіліксіздігі жалақысы төмен қызметкерлерге үлкен қиындықтар туғызуда. Бұл кезекте орнынан тұра алмайтын азаматтардың тазалық жағдайы туралы айтпасақ та түсінікті болар. Тағы бір ерекше атап өтетін мәселе ол мемлекет тарапынан жаңа ғимарат салу үшін 2019 жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, алайда құрылыс жүргізуге уақытылы қаржы бөлінбеуіне байланысты құжаттаманың мерзімі өткен. Енді жаңа сметалық құжаттама қайтадан дайындауға қаражат және қаншама уақыт кетеді?! Ең өкініштісі бұның зардабын аурулар мен сол орталық қызметкерлері тартып келеді. Не ғимарат жоқ, не қазіргі орналасқан ғимартта мүмкіндік жоқ, не құрал-жабдық жоқ! Ал, Әкімдік қызметкерлерінің оны келіп қарауға уақыты да жоқ екен! 

Жоғарыда аталған мәселемен қатар, паллиатив проблемасының басты себептерінің бірі ол паллиативтік көмекке мемлекет тарапынан белгіленген тарифтердің төмендігі. Жыл сайынғы өсімге қарамастан, белгіленген тариф орталықтардың нақты шығындары мен қажеттіліктерін өтемейді. Қазіргі уақытта белгіленген тариф 11877,12 теңгені құраса, үйде қызмет көрсету тарифі 7588,12 теңге болып белгіленген. Бұл ретте онкологиялық емес науқастар мен балаларға үйде паллиативтік көмек көрсету қызметі мүлдем жоқ екендігін атап өту қажет. Сондай-ақ, жеке гигиеналық құралдарға әлеуметтік көмек алмайтын пациенттерге тарифпен қаражат бөлу қарастырылмаған.

Бұдан басқа, сарапшылардың пайымдауынша ауырсынуды басқарудың нақты саясаты жоқ, нәтижесінде науқастардың басым көпшілігі аурсынуды баса алмай, қиналып қайтыс болуда.

Сонымен қатар, балаларға паллиативтік көмек көрсету жағдайы да жақсы емес, көмек көрсету стандарты, педиатриялық паллиативтік көмектің клиникалық хаттамалары, үйде көмек көрсету қызметтері, балалардағы ауырсынуды емдеуге арналған препараттар іс жүзінде қолжетімсіз. Сол сияқты, еліміздегі оқу орындары паллиативтік көмек көсететін арнайы мамандарды даярламайды.

Осыған орай:

1. Еліміздегі барлық паллиативтік көмек көрсету орталықтарының жағдайын тексеру жүргізіп, өмір сүру мерзімі шектеулі адамдарға, оның ішінде балаларға лайықты жағдай жасау үшін жаңа ғимараттар салуды, дайын жобалық-сметалық құжаттамасы бар құрылыс жүргізуге уақытылы қаржы бөлуді, материалдық-техникалық базаларын жетілдіруді тікелей жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігіне жүктей отырып, бағалау жүйесіне енгізуді (KPI).

2. Паллиативтік көмек қызметтеріне тарифтерді қайта қарастыруды.

3. Кадр тапшылығын жою мақсатында «Паллиативтік көмек дәрігері» және «Паллиативтік көмек медбикесі» мамандықтарын медициналық мамандықтар номенклатурасына енгізуді сұраймыз.