Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.11.2021

Н. Нығматулин Мемлекеттік Думаның Спикері В.Володинге көңіл айту жеделхатын жолдады


Нұр-Сұлтан, 26 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Спикері Вячеслав Володинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасындағы апат салдарынан кеншілердің қаза болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадық. Өзімнің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарынының қайғыларына  ортақтасып, көңіл айтамыз» - деді, Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.