Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
05.01.2022

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңға түзетулерді мақұлдады


Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары өздері әзірлеген «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңға түзетулерді мақұлдады.

Заң жобасы халықаралық шарттар бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді. Жоба 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына сәйкес келтіруге, сондай-ақ олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған.

Атап айтқанда, «парафирлеу», «қол қою», «өкілеттіктер», «халықаралық шарт жасасу» ұғымдарының анықтамалары қайта қаралады.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар бұрын ратификацияланбаған халықаралық шарттарды ратификациялау және міндетті ғылыми құқықтық және лингвистикалық сараптамалар жүргізу қажеттілігі бөлігінде норманы алып тастауға бағытталған түзетулер енгізді.

Отырыс барысында Палата комитеттері бірқатар заң жобаларын жұмысқа алды. Олар: мемлекеттік жастар саясаты мәселелері және стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары.

Жиын соңында  Мәжіліс депутаттары мемлекеттік органдар басшыларына депутаттық сауалдар жолдады. Олар: Б.Смағұл, М.Тәжмағамбетова, Е.Смышляева.  

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов)



Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.