Астана, 4 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының басшысы лауазымына тағайындау үшін Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлының кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселені депутаттар «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қарады.
Отырыс соңында Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының басшысы лауазымына тағайындау үшін Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлының кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттің тиісті қорытындысы қабылданды.
Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков
Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.