Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.06.2023

Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Мәжіліс Төрағасының Өкімі


Астана, 19 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков).  

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.