Астана, 4 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына Шарлапаев Қанат Бисимбайұлының кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01
Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.