Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.09.2023

Мәжіліс Экология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасына келісім берді


Астана, 4 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Нысанбаев Ерлан Нұрәлиұлының кандидатурасы келісілді. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.