1966 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Алматы халық шаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығын жоспарлау"мамандығы бойынша бітірген.
1989 - 1990 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданында совхоз экономисі.
1993 - 1996 жылдары Қызылорда облысы бойынша "Alem Bank Kazakhstan" акционерлік банкі кредит бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
1990 - 1993 жылдары Қызылорда облысы Сырдария агроөнеркәсіптік бірлестігінің жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы.
1996 -1998 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының кеңесшісі.
1998 - 2001 жылдары "Қазақстан Халық банкі" Қызылорда облыстық филиалының директоры.
2002 - 2004 жылдары Қызылорда облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.
2004 - 2006 жылдары Қызылорда әкімі аппаратының қаржы бөлімінің бастығы.
2006 - 2008 жылдары ҚР ТЖМ "Өрт сөндіруші" АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті.
2008 - 2010 жылдары Қызылорда қаласының әкімі.
2010 - 2011 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы.
2011 - 2013 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі.
2013 - 2014 жылдары Қызылорда облысы Чиили ауданының әкімі.
2014 - 2015 жылдары ҚР ҰЭМ БӨП Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.
2015 - 2017 жылдары "ҚазАгроӨнім" АҚ Басқарушы директоры.
2017 ж. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2017 - 2021 жылдары Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі.
2021 - 2023 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі. қызметін атқарды.
2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі партиялық тізім бойынша сайланды.
Мемлекеттік наградалар:
2011 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.
Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Құрметті азаматы.
Қызылорда облысы Шиелі ауданының Құрметті азаматы.
Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген.
Үйленген. Екі баласы бар.