Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, Палата депутаттары бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелеріне және инклюзивті білім беруге қатысты заң жобаларын мақұлдады.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.