Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қоғамдық жұмыс

  Депутат «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес отырысына қатысты.

  Отырысқа «AMANAT» партиясының Хатшысы Ш. Т. Каринова төрағалық етті.

  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес төрайымы  Ж. Д. Сүлейменова кіріспе сөз сөйледі.                                 

  Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министрі  А. Ш. Әлназарова «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының орындалуы мен Медициналық ұйымдар мен мекемелердің кредиторлық берешегін шешу жолдары туралы баяндап берді.

  Отырыс барысында өзекті мәселелер талқыланып, пікір алмасу болды.

 «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес төрайымы  Ж. Д. Сүлейменова отырысты қорытындылады.