БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат

2021 жылғы 7-8 қазан аралығында Қарағанды облысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауын іске асыру аясында "Көтерме – тарату орталықтарының желісін құрудың және дамытудың өзекті мәселелері" тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбек, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ж. А. Өсербай, сауда және интеграция вице-министрі Е. Қ. Қазанбаев, сондай-ақ министрліктер мен Қарағанды облысы әкімдігінің жауапты қызметкерлері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.

Көшпелі отырыс барысында депутаттар "Global City" көтерме-тарату орталығында, "Астра-Агро LTD" ЖШС-де, "Шанс" шаруа қожалығында болып, олардың АӨК саласындағы озық қызметімен танысты.

Комитет отырысында көтерме-тарату орталықтарын құру және дамыту, сауда-логистикалық инфрақұрылымның артықшылықтары және оның әлеуетін агроазық-түлік нарығының барлық қатысушыларымен пайдалану мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

Жалпы, отырысқа қатысушылар фермерлердің көтерме-тарату орталықтарымен өзара іс-қимыл тетігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға жағдай жасайтынын, делдалдық тізбектің байланыстарын азайтатынын, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін перспективалар ұсынатынын, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша, отырысқа қатысушылар уәкілетті органдарға көтерме-тарату орталықтарының желісін одан әрі құру және дамыту мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берді.