БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардың басқа да жауапты қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында, ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша негізгі тәсілдерді таныстырды. Осылайша, субсидиялаудың жаңартылған жүйесі шаруашылық жүргізудің көлемі мен басқару нысанына қарамастан, барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарына ыңғайлы және қолжетімді болады деп болжануда. Бұл ретте, субсидиялар түпкілікті нәтижеге бағытталатын болады, субсидия алушылардың кері міндеттемелері енгізіліп, есепке алу басқа да мемлекеттік мәліметтер базаларымен интеграциялауды көздейтін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бюджет қаражатын пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету, субсидияларды тиімсіз және мақсатсыз пайдаланғаны үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін бекіту мәселелері талқыланды.

Отырыста, қатысушылар, ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тәсілдерін Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасының ережелерімен және Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасымен үйлестіру қажеттілігі туралы пікір білдірді.

Өз кезегінде депутаттар субсидиялау тетіктерін жетілдіру мәселелерін сайлаушылармен талқылап, өңірлерден оралғаннан кейін, мемлекеттік органдар ұсынып отырған өзгерістерді қайта қарастыруды ұсынды.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың қазіргі проблемалары жан-жақты және сындарлы талқыланды.