Ергешбаев
Мұрат
Нәлқожаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Мәжіліске ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Фарах Карими келді.

Мәжіліске ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Фарах Карими келді. Оны Палата Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан депутаттар Юлия Кучинская мен Ажар Сағандықова қарсы алды. Құттықтау сөзінде Айгүл Құспан Қазақстан дәстүрлі түрде ЕҚЫҰ-мен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен практикалық ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті. - Біз сіздің климаттың өзгеру мәселелерін шешуге назар аударғаныңызды жоғары бағалаймыз. Біз үшін су ресурстарын бірлесіп басқаруды жетілдіру және қолда бар таза энергетикалық ресурстарды ілгерілету мәселелері өте маңызды. Біз Орталық Азиядағы экологиялық қатерлерге алдын ала ден қоюды қамтамасыз ету үшін ЕҚЫҰ ПА-мен тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз, - деді Айгүл Құспан. Комитет басшысы сондай-ақ Қазақстанда аномальды су тасқыны болып жатқанын, осыған байланысты парламентшілердің басым бөлігі жағдайды бақылау үшін зардап шеккен өңірлерге кеткенін хабарлады. Өз кезегінде Фарах Карими қазақстандықтарға табиғи апатқа қарсы күресте қолдау білдірді. Ол бұл оқиғалар бүгін талқыланып жатқан климаттың өзгеру мәселелерінің маңыздылығын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, Фарах Кәріми өз сөзінде қазақстандық делегация әрқашан ЕҚЫҰ ПА қызметіне, оның ішінде сайлауды бақылау жөніндегі миссияларға белсенді қатысатынын атап өтті. Кездесуге Қазақстан тарапынан мәжілісмендермен қатар Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова мен СІМ Еуропа департаменті