ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
Ақтөбе өңіріндегі құрылыс компания өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының  орынбасары Дәния Еспаева және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқар Садықов , Ақтөбе қаласына іс-сапармен келді.

2023 жылдың 3 шілде күні, «Ақ жол» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының орталық кеңсесінде, ҚР Парламент Мәжілісі спикерінің орынбасары Дәния Еспаева және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқар Садықов, Ақтөбе өңіріндегі құрылыс компания өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

Жиын барысында, құрылыс компаниясы өкілдері бірнеше сұрақтар көтерді. Солардың бірі, 7 20 25 ипотекалық бағдарламасын қосымша қаржыландыру ұсынысы түсті. Себебі, қарапайым халық ипотекалық бағдарламасынсыз, тұрғын үйді сатып алу қабілеті жоқ. Бұл өз кезегінде, құрылыс мекемелерінің сатылымының азаюына әкеп соғады.

Сонымен қатар, өндірістік кооперативтер ашу мәселесі де қаралды.

Өз кезегінде, депутаттар бұл мәселелерді тиісті Министрлікпен бірлесіп, қарастыратынын айтты.