ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары «DULAT» шатыр орталығы ұжымымен кездесті.

Мәжіліс депутаттары «DULAT» шатыр орталығы ұжымымен кездесті.

Ағымдағы жылдың 3 шілде күні, ҚР Парламенті Мәжілісі депуттары Дәния Еспаева және Асқар Садықов, Ақтөбе қаласында орналасқан «DULAT» шатыр орталығы ұжымымен кездесті.
"Dulat" шатыр орталығы 10 жыл бойы Ақтөбе қаласында табысты жұмыс істеп келеді. Компания шамамен 4000 тонна қаңылтыр болатты өңдейді. Жыл сайын қала мен облыстың 3000 тұрғынының шатыр материалдарына деген қажеттілігін қанағаттандырады. Жобаны бастау үшін кәсіпкер 500 млн теңгеден астам инвестиция салған. Тұрақты жұмыс орнымен 25 адам қамтамасыз етіп отыр.
Кездесу барысында, аталмыш орталықтың директоры Азамат Саймов, заводтың жұмыс жасау алгоритмін көрсетіп, жеткен жетістіктерімен таныстырды.
Өз кезегінде Мәжілісмендер шатыр орталығының жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі.
Депутаты Мажилиса встретились с коллективом шатрового центра "DULAT".