ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
«Евразиялық банк» Ақтөбе филиалы мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәния Еспаева және Асқар Садықов «КазВторКонтракт» ЖШС бас директоры Беляшов Владимир Валерьевичпен кездесті.

3 шілде 2023 жыл, «Евразиялық банк» Ақтөбе филиалы мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәния Еспаева және Асқар Садықов «КазВторКонтракт» ЖШС бас директоры Беляшов Владимир Валерьевичпен кездесті.
«КазВторКонтракт» ЖШС 2017 жылдан бері, түсті және қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу нарығында Ақтөбе қаласында өз жұмысын бастаған. Қазіргі таңда жылдық айналымы 1 млрд теңгені құрайды. Десе де,аталмыш компания бірқатар қиындықтарға тап болғанын айтады.
«КазВторКонтракт» ЖШС директорының айтуынша:
ҚТЖ мамыр айының ортасында металл сынықтарын шетелге жөнелтуді шектеді. Теміржол монополиясында бұл индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бейресми бұйрығымен түсіндірілді, дегенмен елде сынықтарды шетелге, әсіресе Қазақстан Біртұтас экономикалық аумақты бөлісетін Ресейге жөнелтуге ресми түрде тыйым салынбаған. Сынық дайындау саласында қайталама шикізат экспортының практикалық шектеулері ірі металлургиялық кәсіпорындарға — "АрселорМиттал Теміртау", KSP Steel, "Кастинг" елдегі тапшылығына сілтеме жасап, оған сатып алу бағасын түсіре отырып, сынықтар нарығын монополиялауға мүмкіндік береді деп есептеймін.» - деді ол.