ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары "Aqtobe su-energy group" АҚ еңбек ұжымымен кездесті.

3 шілде 2023 жылы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары "Aqtobe su-energy group" АҚ еңбек ұжымымен кездесті.

"Aqtobe su-energy group" акционерлік қоғамы Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлерді, мемлекеттік мекемелерді, мекемелер мен ұйымдарды суық, ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ су бұру қызметтерін көрсетеді.

"Aqtobe su-energy group" АҚ 2020 жылы екі қалалық коммуналдық қызметті қайта ұйымдастыру арқылы құрылды: "Ақбұлақ" АҚ және "Трансэнерго"АҚ.

Акционерлік қоғам 220 км магистральдық және тарату жылуын, 1.000 км-ден астам су құбырларын, 550 км-ге жуық кәріз желілерін пайдалануды жүзеге асырады. 24 қазандыққа, 6 сорғы станциясына және 79 топтық пунктке, 55 кәріз сорғы станциясына, 35 су қабылдағышқа қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның балансында 30 мыңнан астам құдық бар.

"Aqtobe su-energy group" АҚ қызметін 150 мыңға жуық абонент пайдаланады, оның 137 мыңы — жеке тұлғалар және 5 мыңнан астамы-заңды тұлғалар.

Кездесу барысында, халықты толғандыратын ауыз су және жылумен қамту мәселелерінің өзектілігі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, ауыз су тиімді пайдалану керектігі су тапшылығының алдын алуға әсер ететінін жеткізді. Ол үшін ауыз су пайдаланудың тарифтік бағасын пайдалану мөлшеріне қарай көтеру мәселесі де айтылды.

Өз кезегінде депутаттар ұсыныстарды жүйелеп қарап, Мәжіліс деңгейінде көтеретінін жеткізді