ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

✔️ Кезекті жалпы отырысымызда Парламент депутаттары бастамашы болған тағы бір маңызды заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдадық. Ол Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне қатысты.

✔️ Депутаттарымыз ұсынған өзекті нормалар шекара қауіпсіздігі, қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарының маңыздылығы, аталған органдағы кадр құрамында патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиені арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, басшылық құрамның жауапкершілік аясын кеңейту сияқты басқа да ауқымды мәселелерді қамтып отыр.

✔️ Сонымен қатар, Палата отырысында 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуына байланысты заң жобасын жұмысқа алдық.