ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

✔️ Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болып, халықтың қауіпсіздігі үшін маңызды Заң жобасын мақұлдады.

✔️ Жасыратыны жоқ, соңғы кездері микромобильді көлік құралдарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл мәселені реттеу бойынша депутаттар атына түсетін өтініштер де көп.

✔️ Осыған байланысты, біздің депутаттарымыз «Жол жүрісі туралы» Заңға электр самокаттарын басқаратын адамдардың құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген жаңа нормалар әзірледі.

✔️ Түзетулерге сәйкес, енді электр самокаттары көлік құралы ретінде танылады, сонымен қатар, жүру жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары да электр самокат ретінде танылады. Электр самокаттардың велосипед жолдары мен жол жиектерінде жүруіне шектеу жоқ. Ал, тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге болады.

✔️ Сондай-ақ, электр самокат жол жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде, автобус жолағымен бір қатарда жүре алады. Мұндай жағдайда, жүргізушінің 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Және үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.

✔️ Бұл өзгерістердің халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қажеттілігі зор.