ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

Алдағы уақытта еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз құқықтарын халықаралық деңгейде қорғай алады.
Біз кезекті жалпы отырысымызда осы мәселеге қатысты заңнамалық құжатты ратификацияладық.
Мәжіліс депутаттары тарапынан қолдау тапқан «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы аталған санаттағы азаматтарды экономикалық, әлеуметтік және моральдық тұрғыдан кең көлемде қорғауға әрі қолдауға жол ашады.
Сонымен қатар, депутаттық корпус ЕАЭО шеңберінде кредиттік тарих бойынша ақпарат алмасу, Орталық Азия аймағында экономикалық ынтымақтастық институтын құру сияқты маңызды құжаттарды мақұлдады.
Депутаттық сауал барысында әріптестерім ауыл халқының әлеуметтік қорғалмаған топтарына жағдай жасау, ауыл шаруашылығын қолдау, зейнетақы, еңбекақы, білім, мәдениет басқа да өзекті мәселелерді көтерді.