ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

✔️Мемлекет Басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңес өткізуіне байланысты Мәжілістің кезекті жалпы отырысы бүгін өтіп, бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдадық.

✔️Бірнеше ратификациялық заңнамалық құжаттар мақұлданды.

✔️Әріптестерім депутаттық сауал жолдауда әдеттегідей белсенділік танытты.

✔️Депутаттар Үкімет назарына елдің экономикалық жағдайына, халықтың әлеуметтік ахуалына байланысты өзекті тақырыптарды ұсынды.

Оның ішінде білім, денсаулық, медициналық көмек, ауыл шаруашылығы, субсидия, жер қатынастары, экология салаларына қатысты ауқымды мәселелер қамтылған.

✔️Сонымен бірге, әскери идеология, мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылық, синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы іс-қимыл сияқты өзекті сұрақтар бар.