ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
«ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ» ҮКІМЕТ САҒАТЫ

Бүгін Мәжілісте осы сессиядағы алғашқы Үкімет сағатын өткіздік.

 Үкімет сағаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауы шеңберінде, ғылымды дамыту тақырыбына арналды.

 Бұл бағытта Мемлекет Басшысы нақты тапсырмалар жүктеді.

Осыған байланысты біздің депутаттарымыз «Ғылым туралы» Заңға түзетулер енгізуге бастама жасады. Онда жетекші ғалымдарды тұрақты және лайықты жалақымен қамтамасыз етуге, ғылыммен айналысатын іргелі ғылыми-зерттеу институттарына тікелей қаржыландыруды енгізуге, гранттық қаржыландыру мерзімін 5 жылға дейін ұлғайтуға көңіл бөлінген. Қазіргі уақытта еліміздің Ұлттық ғылым академиясының алдында қазақстандық ғылымды алдыңғы позицияға шығару міндеті тұр. Осы орайда жедел шешуді қажет ететін мәселелер де бар. Соның ішінде, ғылымдағы, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жайын баса өту керек.

 Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, осы салада елеулі нәтижелер байқалмайды.

 Сондықтан бүгін ғалымдар, аталған академия басшылығы, салалық министрліктер басшыларының орынбасарлары, Ғылым қорының, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының, жас ғалымдар қауымдастығының өкілдерін шақырып, сондай-ақ, барлық облыс әкімдері орынбасарларын онлайн қатыстыра отырып, кең көлемді талқылау өткіздік.

Талқылау нәтижесі бойынша арнайы Ұсынымдар әзірленді.

 Оның ішінде ғылыми бағдарламаларды, коммерцияландыру жобаларын сапалы іріктеуге, сараптама жүргізудің ашықтығына, сарапшылардың кәсіби біліктілігіне, ғылымды қажетсінетін экономика құру, ғылымды табыс әкелетін салаға айналдыру тетіктерін пысықтауға көңіл бөлдік.

 Үкімет сағатында айтылған пікірлердің барлығы ескеріліп, жинақталатын болады.