ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ҚЫЛМЫСТЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ КОДЕКСТЕРІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

 Бүгін Мәжілісте Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыруға қатысты өте салмақты заң жобасының таныстырылымын өткіздік.

 Заң жобасында ең алдымен барлық қатысушылардың мүдделерін қорғау ескерілді. Әсіресе, төмендегі үш мәселеге басымдық берілді.

Олар: Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, қылмыстық процесстің бәсекеге қабілеттілігін күшейту, сондай-ақ, қылмыстық процесті оңтайландыру және «дебюрократизациялау».

Бірінші мәселе аясында, құқық қорғау органының маманы залалды растамаса, азаматтық-құқықтық дау болса, салықтық тексеру актісінсіз немесе салықтық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі не сотқа шағым жасамаса қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеуге тыйым салу жолымен азаматтарды қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартуды болдырмау туралы нормалар қарастырылған. 

 Тағы бір атап өтерлік маңызды норма адвокаттарға айыптау актісіне қарама-қарсы құжатты сотқа енгізу құқығын беру – қорғау актісі. Бұл ретте ол міндет емес, адвокаттың құқығы болып есептеледі және басты сот талқылауындағы өтініштерде адвокатты шектемейді. Нәтижесінде қорғаныс тарапының негізгі дәлелдері мен теріске шығаруларын толыққанды көрсетуге мүмкіндік береді.

 Сонымен қатар, Қылмыстық Кодексте коллекторлық агенттік қызметкерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, қарыздарды өндіріп алудың заңсыз әдістерін қолданғаны, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны және басқа да жағдайлар үшін жауапкершілігін көздейтін арнайы бап жоқ.

Осыған байланысты, осы заң жобасында аталған агенттік өкілдерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін іс-әрекеттерін қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылады. Бұл заңдық білімнің жетіспеушілігінен коллекторлық агенттіктің кейбір қызметкерлерінің қысымына және айла-шарғысына ұшырауы мүмкін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге кең жол ашады.

 Бүгін осы және басқа да халыққа қажетті маңызды жаңа нормалар таныстырылды.

Енді жұмыс топтарының отырыстарында одан әрі жан-жақты талқыланады.

Тұщымды, қажетті ұсыныс-пікірлер міндетті түрде ескерілетін болады.