ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

✅ Ұлт болашағына арналған өте маңызды заң жобасын жұмысқа қабылдадық.

✅ Бұл Қазақстанның Ұлттық қорынан балаларға төлем жасауға қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық қор-балаларға» атты бағдарлама қабылданғаны белгілі.

✅ Жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға заңдық пәрмен беретін заң жобасы аясында 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару көзделген.

✅ Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.

✅ Жұмысқа алынған жаңа заң жобалары қатарында әсіресе, қоғам назарында жүрген заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы және оған ілеспе заң жобасын ерекше атап өуге болады.

✅ Құжат активтерді қайтарудың тетіктерін айқындауға бағытталған. Осы мақсатта Бас прокуратура ішінен жеке ведомство құру қарастырылған.