ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ҮКІМЕТ САҒАТЫ

Бүгін Мәжілісте кезекті Үкімет сағаты өтті.

Тақырып, еліміздің әрбір азаматын толғандыратын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытудың проблемалары мен перспективаларына арналды. Біз сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелері мен проблемаларын талқыладық.

Осы жүйені енгізген кезде Үкімет бұл модель - көрсетілетін медициналық қызметтің тізімін кеңейтуге және оны әрбір азамат өзі қалаған жерде қалаған уақытта алу мүмкіндігін қамтамасыз ететінін айтқан еді.

Осылайша «ақша пациенттің соңында жүреді» қағидаты орындалу керек болатын. Алайда, нәтижесі керісінше болып отыр.

Депутаттардың халықпен кездесуінде де, күн сайын біздің атымызғада азаматтардан медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты көптеген шағымдар түседі.

Айтуларынша, емханаларда кезек өте көп, ал бейінді маманға жазылу үшін немесе ультра дыбыстық зерттеу жасату үшін бірнеше апта, тіпті айлап күтуге тура келеді.Кейбір жағдайларда, дәрігерге уақытында жете алмай, ақылы қызметке жүгініп, артық шығынға ұшырайды. Көптеген адамдарда «сақтандырылған» мәртебесінің болмауына байланысты оларға жекелеген қызметтер көрсетілмейді.

Қазіргі уақытта шұғыл медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр 3 миллионнан астам адам сақтандыру жүйесінен тыс қалған.

Дегенмен, халыққа қажетті сұрақтар да өз шешімін табуда.

Алдағы жылдан бастап денсаулық сақтауды  қаржыландыру жүйесі өзгереді.

Яғни,  қаржы ағындары бір пулға біріктіріледі.

Ол үшін заңнамалық деңгейде тиісті өзгерістер енгізілді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері арасында  көрсетілетін қызмет түрлерінің айырмашылықтары белгіленетін болады.

Жекелеген қызметтерге қатысты тарифтер қайта қаралып, желілік шкала ойынша шектеулер алып тасталады.

Ол – ең алдымен балалар ауруларына, шұғыл көмек көрсетуге арналған тарифтерге қатысты болады.

Біздің депутаттарымыз өз кезегінде тарифтерді индекстеу, құрылымын өзгерту,сақтандыру қорына қатысуына қарамастан скринингтер жүргізу, медициналық қызметтер көлемін жоспарлау, тетіктерін өзгерту сияқты сындарлы ұсыныстар енгізді. Ол әлі де пысықталады.

Сондықтан МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс алдағы уақытта да тыңғылықты жалғасын табады.