ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

Жалпы отырыста ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенова бастаған бірқатар Үкімет мүшелерінің қатысуымен Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары барысында тұрғындардан келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қорытындысын тыңдалынды.

Бұл халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешу, тұрғындардың өмір сапасын, әлеуметтік ахуалын жақсарту жолындағы тиімді қадамдардың бірі.

Атап айтқанда, өткен жылғы осындай есептен кейін, Әлеуметтік кодекс, Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы, Агломерацияны дамыту туралы, әкімшілік реформа мәселелеріне қатысты аса маңызды заңнамалық құжаттар қабылданып, олардың барлығында депутаттар мен тұрғындар көтерген көптеген проблемалар өз шешімін тапты.

 Ал, биыл Т.Дүйсенова біз ұсынған 2,5 мыңнан астам азаматтардың өтініштері Үкімет тарапынан мұқият қаралғанын мәлімдеді. Ол өтініштердің ішіндегі көп көтерілгені жылу желілеріндегі ірі техногендік апаттардың салдарын жою және осы саладағы инфраструктураның әлеуетін көтеру, азық-түлік қауіпсіздігі, экология және білім беру, денсаулық, жастарды жұмыспен қамту сияқты әлеуметтік мәселелер бар.

Сондай-ақ, депутаттар автожолдардың жағдайы, ауылшаруашылығы, несие,  ішкі көші-қон, лудомания сияқты басқа да  көкейтесті сұрақтарды алға тартты.

Мәжілістегі әрбір фракция жетекшілері атқаралып жатқан жұмыстарға қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Бұл бірлескен жұмыс тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасатын болады.