ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
Парламенттік тыңдау

Мәжілісте ауқымды мәселені талқыға салған Парламенттік тыңдау өтті.

Ол мыңдаған қазақстандықтарды мазалап жүрген «Халықтың шамадан тыс кредит алуының негізгі мәселелері және жеке тұлғалар банкроттығының проблемалары» туралы болды.

Тыңдауға Үкімет мүшелері, агенттіктер мен құзырлы мекемелер басшылары арнайы шақырылды.

Соңғы жылдары біз ел азаматтарын несиелендіру деңгейінің тым артып кетуі жағдайына тап болдық.

Қазіргі таңда халықтың 84 пайызында, яғни 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі –шамамен 1,4 трлн. теңгені құрайды.  Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді.

Микроқаржы ұйымдарының қарыздары проблемалық қарыз алушылардың негізгі көзі болып табылады.

Осыған орай бүгінгі Парламенттік тыңдаудың нәтижелері бойынша банктер, микроқаржы ұйымдар мен коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу және жеке тұлғалардың банкроттығы мен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынылды.

Атап айтқанда: