ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

✔️Бүгін әріптестерім Айгүл Құспан және Снежанна Имашевамен бірге, БҰҰ саяси мәселелер бойынша Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталық басшысының міндетін уақытша атқарушы Мирослав Енча бастаған өкілдермен кездестім.

✔️Қазіргі таңда Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы белсенді жұмыс атқаруда. Қазақстан биыл осы Диалогқа төрағалық етеді.

✔️Осыған байланысты, 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, онда заман талабына сай инновациялар мен технологияларға, креативті индустриялардағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктеріне, әйелдер көшбасшылығына көңіл бөлінді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі де басты назарда.

✔️Сондай-ақ, биыл Диалог жұмысына өңір елдерінен азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарту мүмкіндігі маңызды. Бұл диалог жұмысына сындарлы сипат береді және "Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік" бағытындағы мәселелерді кеңінен талқылауға жол ашады.

--