ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
Бүгін Литва Республикасы Сеймасы (Парламенті) төрағасының орынбасары Юлиус Сабатаускаспен кездестім.

- Бүгін Литва Республикасы Сеймасы (Парламенті) төрағасының орынбасары Юлиус Сабатаускаспен кездестім.

- Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың, соның ішінде парламентаралық ықпалдастықтың маңызды мәселелерін талқыладық.

- Литва Қазақстанның Балтық аймағында ғана емес, Еуропалық Одақ деңгейінде де маңызды және сенімді серіктесі.

- Екі ел арасында достық әрі өзара түсіністіктің берік іргетасы қаланған.  Соның нәтижесінде саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз жыл сайын нығайып келеді.

-Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан ірі саяси реформа туралы, сайлау жүйесіндегі өзгерістер туралы жан-жақты әңгімеледім.

-Елдеріміздің көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылына баса назар аударып, пікір алмастық.

-Білім беру  саласындағы тәжірибелеріміз туралы да айтылды.

-Юлиус Сабатаускас мырза өз кезегінде Қазақстанға іссапары кезіндегі әсерімен бөлісті.