ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ТМД Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Сараптамалық кеңестің жауапты хатшысы Евгения Владимирова мен аталған кеңес мүшелері Сергей Савашинский және Бексұлтан Туткушевпен кездестім.

✔️ ТМД Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Сараптамалық кеңестің  жауапты хатшысы Евгения Владимирова мен аталған кеңес мүшелері Сергей Савашинский және Бексұлтан Туткушевпен кездестім.

✔️ ТМД ПАА ұлттық заңнамаларды жетілдіруге, демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Оның  қызметінің маңызды бағыттарының бірі модельдік заңнамалық актілерді әзірлеу және қабылдау.

✔️ Біздің депутаттар әртүрлі салалардағы модельдік заңдардың жобаларын әзірлеуге және талқылауға белсенді қатысады.

Ұйымның 2023-2025 жылдарға арналған жоспарына "ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" модельдік заңды әзірлеу енгізілген.

✔️ Онда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің негізгі принциптері, дәрі-дәрмектерді тіркеудің бірыңғай жүйесі, дәрі-дәрмектерді сатып алу механизмі, дәрігерлерді жаңа дәрі-дәрмектер жасау туралы ақпараттандыру жүйесі көрсетілмек.

✔️ Бұл модельдік заң жобасы өте маңызды және біздің депутаттар міндетті түрде қатысады.