ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы Жер, инфрақұрылым және көлік комитеті төрағасының орынбасары Ким Чжоң Чжэ бастаған делегация өкілдерімен кездесу

Бүгін Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы Жер, инфрақұрылым және көлік комитеті төрағасының орынбасары Ким Чжоң Чжэ бастаған делегация өкілдерімен кездестім.

Біздің кездесуіміз Кореяның Ұлттық күнімен (668 жылы құрылған) тұспа -тұс келді.

Жалпы Корея Республикасы Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі.

Мен өз сөзімде біздің еліміз Кореямен ықпалдастықты одан әрі қарқынды дамытуға ниетті екенін атап өттім. Өйткені, Корея Республикасы бүгінде   экономикасы дамыған, озық технологиялары бар әлемдегі  көшбасшы мемлекеттердің  қатарында.

 Жақында Ұлттық Ассамблеяның Төрағасы Ким Чжин Пхё  мырзаның шақыруымен   Мәжіліс Төрағасы Сеулге ресми сапармен барған еді. Кореялық әріптестеріміз осы сапардың екі ел серіктістегіне тың серпін бергенін, Корей халқының Қазақстанға деген ықылас-пейілінің айрықша екенін және алдағы уақытта да барлық салада, соның ішінде, сауда-экономикалық, мәдени бағыттарда достық пен өзара  тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екендіктерін жеткізді. 

Кездесу барысында екіжақты байланысты, соның ішінде  елдеріміз арасындағы парламентаралық әріптестікті нығайтуға қатысты маңызды мәселелерді ортаға салдық.