ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
«Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық конференция

Біздің Қазақстанымыздың Орталық Азия елдері әйелдері Диалогына төрағалығы аясындағы маңызды шаралардың бірі  - бүгін Алматыда жалғасты.  Алғашқы халықаралық жиынды маусым айында Астанада өткізген болатынбыз. 

Бүгін «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырдық.

Онда гендерлік теңдік, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты талқыладық.

Бүгінгі таңда әлемнің түкпірінде қақтығыстардың өршуі мен тұрақсыздықтың артуы әйелдердің рөлі мен жағдайын одан әрі ушықтыра түсетіні белгілі. Нәтижесінде, әсіресе Таяу Шығыс жағдайын ескерсек, әйелдер де, балалар да қоғамның ең осал топтары ретінде құрбан болады. Сондықтан, біздің еліміз әйелдер мен қыздарға қатысты гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы өңір елдерінің күш-жігерін біріктіруге шақырады. Бұл бағыттағы пәрменді қадамдардың бірі-Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін әйелдер мен қыздарға қатысты гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық нысандарын жою жөніндегі Еуропалық Одақ пен БҰҰ-ның «Спотлайт» (spotlight, жарық сәулесі) өңірлік бастамасының жүзеге асырылуы. Бұл жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауына ие болды.

Конференцияға қатысушы елдердің белсенді әйелдері халықаралық ұйымдардың өкілдерімен талқылау жүргізді.

Осы ретте аталған Диалог - Орталық Азиядағы әйелдер көшбасшылары арасындағы ынтымақтастықтың ерекше үлгісі деуге болады.

Конференцияға Өзбекстаннан,  Қырғызстаннан,  Түрікменстаннан, Тәжікстаннан келген мәртебелі меймандар, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының басшысы  қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар арнайы келді.

Біз өзіміздің төрағалығымыз барысында Диалогқа қатысушы елдердің ұсыныстарын ескере отырып, әйелдердің инновациялар мен технологияларды, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, гендерлік зорлық-зомбылық пен әйелдер құқығын қорғауға қатысты іс-шараларға зор көңіл бөлудеміз.