Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азия Парламенттік Ассамблеясы 14-ші пленарлық сессияның отырысына қатысу туралы

2024 жылғы 21-22 ақпанда Бакуде «Азиядағы орнықты даму жолындағы өңірлік ынтымақтастықты күшейту» тақырыбына арналған Азия Парламенттік Ассамблеясының (АПА) 14-ші пленарлық сессиясы өтті.

Іс-шараға 40 елдің парламенттік делегациялары, оның ішінде 10 мемлекеттің спикерлері, сондай-ақ бірқатар халықаралық парламенттік ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Сессияда ағылшын тілінде сөйлеген сөзімде Қазақстан Азия диалогының белсенді жақтаушысы ретінде 30 жылдан астам уақыт бұрын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенімді нығайту шаралары жөніндегі конференция құру идеясын ұсынғанын атап өттім.

Баяндамада өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету бойынша синергия мен ұжымдық жұмыс жасау үшін көпжақты платформалардың әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын атап өттім.

Сондай-ақ, ұлттарды біріктіру және кең консенсусқа негізделген ұтымды және жан-жақты тәсілдерді әзірлеу үшін тартымдылық орталығы болуға тиіс парламентаралық өзара іс-қимылдың рөлін атап өттім.

Іс-шара аясында Парламенттік Ассамблеяның экономика және тұрақты даму, бюджет және жоспарлау, Әлеуметтік және мәдени мәселелер, сондай-ақ саяси мәселелер жөніндегі тұрақты комитеттерінің отырыстары өткізілді.

Сессия соңында Баку декларациясы және АПА-ның 14-ші пленарлық сессиясының қорытынды есебі қабылданды.


Image title

Image title

Image title