Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Е.Мәмбетов Жамбыл ауданы Пресновка ауылының тұрғындарымен кездесті.

Депутат Е.Мәмбетов  Жамбыл ауданы Пресновка ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуді Жамбыл аудандық ауруханасына қарайтын емханадан бастады. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан халықтың денсаулығына ерекше назар аударылып келеді. Емхана 2023 жылы 9,3 млрд теңге құрайтын күрделі жөндеуден өткен. Кездесу барысында дәрігерлер мен ем алушылар денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді қозғады.

Азаматтардың денсаулығы салауатты өмір сүруіне байланысты екені баршаға мәлім. Пресновка ауылында AMANAT партиясының Жол картасы бойынша Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның сметалық құны 475,8 млн.теңге. Депутат құрылыс барысымен танысып өтті.

Е.Нұрмағамбетұлының кедесуі AMANAT  партиясының аудандық филиалында жалғасын тапты. Онда партияның белсенділерімен ауданның мәселелері қызу талқыға түсті. Облысты газификациялау - мәселелердің бірі болды. Осы мәселені шешу бойынша депутат өзінің жасап жатқан жұмыстарын көпшілікке жеткізді.

Сонымен қатар кездесуде  жайылым жерлер мен үлескерлерге қатысты,электрондық сауда бойынша, үй ішінде сауда жасау, Дипломмен ауылға бағдарламасы, Агробанкті құру мәселелері көтерілді.

Кездесуден кейін Е.Мәмбетов жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар Петровка-Бауман ст. жол учаскесін және аудан бойынша  5 ауылдың 13 көшесін жөндеу, Пресновка-Қайранкөл облыстық маңызы бар трассасын күрделі жөндеуден өткізу, Озерный және Жамбыл ауылдарында Мәдени-демалыс орталықтары үшін ғимараттарды қайта құру, мемлекет қызметінде жүрген есепшілердің жалақысын көтеру мәселерін алға тартты.