Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Е. Мамбетов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ. В. Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады

Бүгінде еліміздің барлық дерлік ауылдық елді мекендерінде халықты сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде, ал су бұру мәселелеріне тиісті көңіл бөлінбейді. Көптеген ауылдарда кәріз құрылыстарының тозуы байқалады. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының қазіргі жағдайы жарқын мысал болып табылады, онда бүгінгі күні кәріз тазарту құрылыстарының үздіксіз жұмысы маңызды проблемалық мәселелердің бірі болып табылады. Бұл проблеманы тұрғындар депутаттардың өңірдегі кездесулері кезінде үнемі көтеріп отырады.