Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
«Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде Қазақстанда баламалы энергия көздерін және жасыл технологияларды дамыту»

Қазақстанда баламалы энергия көздері мен жасыл технологияларды дамыту халықтың өмір сүру сапасына әсер ететін өзекті мәселелердің бірі.

Осы ретте, 7-ші Орнықты даму мақсаты баламалы энергия көздерін дамытуға және үздіксіз энергиямен жабдықтау мен газбен қамтамасыз етуге қол жеткізуге бағытталған.

Қарастырылып отырған Орнықты даму мақсаттары шеңберіндегі индикаторлар мына мәселелерді шешуге бағытталған:

- өңірлердің үздіксіз электр қуатымен жабдықтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

- халықты газбен қамтамасыз ету;

- жаңартылатын энергия көздерін дамыту;

- энергия сыйымдылығы және энергия тиімділігі.

7-ші Орнықты даму мақсаты бойынша Қазақстан негізгі проблемалары жоғары деңгейдегі (қызыл деңгей) елдер қатарында.

Алайда, Қазақстанның барлық энергия беруші ұйымдар бойынша электр желілерінің тозуының орташа деңгейі 66% - дан астам. Өңірлік  электрожелілік компаниялардағы электр желілерінің тозуы 2022 жылы 70% - дан астам болды.

Қазақстан Республикасында электр желілері тозуының ең көп үлесі бар өңірлер: Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында 96 %, Батыс Қазақстан облысында 80,54%, сондай-ақ Қостанай облысында 85,30%.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда бірқатар елді мекендерді электрмен қамтамасыз ету мәселесі бар.

Абай облысында халықпен кездесулер өткізгенде Алғабас, Қайнар, Абралы ауылдарының тұрғындары маған электр қуатының жетіспеушілігі туралы мәселе көтерілді.Басқа аймақтарда да осындай проблемалар бар. Электрмен жабдықтау сапасының төмендігі Маңғыстау облысы мен Ұлытау облысында тіркелді.

Сондықтан Үкімет электр желілерінің тозуын төмендету мен жаңару деңгейін жақсарту  жөнінде шаралар қабылдау қажет.

Уәкілетті органның деректері бойынша Қазақстан халқының 59%-ы газбен қамтамасыз етілген. Соңғы 5 жылда халықтың газ тұтыну көлемі 1,4 есе өсті. Елдің орталық, солтүстік және шығыс аймақтарында халықты газбен қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті болып қала береді.

Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында бірде-бір елді мекен газбен толық қамтамасыз етілмеген. Ал Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Ақмола облыстарында елді мекендерді газбен қамтамасыз ету деңгейі 1,5-3,2% құрайды. Бұл мәселе халықпен кездесулерде жиі көтеріледі. Сондықтан Үкімет осы өңірлердің елді мекендерін газбен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет.

Газбен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында қолданыстағы газ құбырларын жаңарту және жаңа желілерді кеңейту жолымен инфрақұрылымдық қайта құрулардың ауқымды мәселелерін шешу қажет. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарының әл-ауқатына елеулі әсер етпей, баға саясатын жоспарлы және біртіндеп түрлендіруді жүргізу қажет.

2021 жылдан 2023 жылға дейін жалпы белгіленген қуаты 1273 мегаватт жаңартылатын энергия көздерінің 40 нысаны пайдалануға берілді. Тартылған жеке инвестициялар сомасы 512 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2021 жылы - 172 млрд.теңге, 2022 жылы – 160 млрд. теңге, 2023 жылы-180 млрд. теңге.

Жаңартылатын энергия көздерін салу біздің қоғам және қоршаған орта үшін маңызды. Ол парниктік газдар шығарындыларын азайту, энергетика секторын әртараптандыру, инновациялар мен технологияларды дамытуды жақсартады.

(Анықтама: 2021 жылы – Жамбыл, Маңғыстау облыстарында және Абай облыстарында 12 жел электр станциясы, 6 күн электр станциясы және 2 су электр станциясы, 2022 жылы – Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Жетісу облысында 12 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы, 2023 жылы-Ақмола облысында 12 жел электр станциясы Алматы және Түркістан облыстарында 2 гидроэлектростанция және Түркістан облысында қуаты 54,77 МВт 2 күн электр станциясы салынды).

Соңғы 3 жылда күн, гидро, жел электр станциялары 6 облыста және Алматы қаласында салынды. Сондықтан, мұндай электр станцияларының құрылысын басқа өңірлерде де қарастыру қажет.

Қазіргі уақытта жаңартылатын энергия көздерін дамыту секторы айтарлықтай мемлекеттік қолдау алады. Сондықтан жаңартылған энергия көздерін салуды жалғастыру керек.

Арзан, сенімді, орнықты және заманауи энергия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету экономика мен қоғам дамуының әртүрлі аспектілерінде шешуші рөл атқарады: өндіріс шығындарын азайту, өмір сүру сапасын арттыру, энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін жақсарту, қоршаған ортаға әсерді азайту, инновациялар мен технологиялық прогресті ынталандыру, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту және т. б.

Осыған байланысты, тұрақты прогресті қалыптастыру, энергетика саласындағы оң өзгерістердің ауқымын ұлғайту және қазіргі заманғы энергетикалық ауысу үшін 7-ші орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жүйелі жалғастыру қажет.

Назарларыңызға рахмет!