The website color
Distance between letter distance
Images
13.10.2021

Мәжіліс депутаты халықаралық іс шараға қатысты


Нұр-Сұлтан, 13 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова Санкт-Петербургте өткен III Еуразиялық әйелдер форумының жұмысына қатысты.

Іс-шарада әйелдердің саясат пен бизнестегі көшбасшылығы, жаңа технологиялар мен инновацияларды дамыту, экология, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, еріктілер қозғалысы және басқа да салалардағы мәселелер талқыланды.

Халықаралық іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Л. Рамазанова әйелдердің өмір сүру сапасын арттыру және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жайында айтты.

Депутат бүгінде әлем елдері жаһандық және өңірлік сын-тегеуріндерден туындаған жалпы проблемалар мен кедергілерге тап болып жатқанын айтты. Осы ретте, оларды еңсеруге Еуразиялық гендерлік ағарту орталығын құру ықпал ететін және  әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласында озық тәжірибемен алмасу үшін Алматыда құрылатын Орталық Азия өңірлік білім орталығының алаңын ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, депутат орталықтың негізінде еларалық гендерлік зерттеулер институтын құруды ұсынды.

Айта кету керек, төрт жылда бір рет өткізілетін іс-шараға 110 елден делегаттар қатысады. 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan