The website color
Distance between letter distance
Images
17.01.2022

Парламент депутаттары бір күндік жалақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды


Нұр-Сұлтан, 17 қаңтар, Мәжіліс үйі. Сенат пен Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдап, бір күндік жалақыларын осы қорға аударды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 11 қаңтарында Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде тапсырған болатын.

Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты проблемалармен айналысатын болады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қорда жиналған қаражат сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетуге, қала, аудан, кент, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, дарынды балаларға қолдау көрсетуге және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталады.

 

(Сенат және Мәжілістің баспасөз қызметі)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan